01 наурыз 2017 13:16

Қостанай облыстық сотындағы жантүршігерлік оқиғаның мән-жайы белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© day.org.ru © day.org.ru

Қостанай облысы Амангелді аудандық соты ғимаратының қауіпсіздігіне ҚР ІІМ Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері жауап береді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қостанай облысы Амангелді аудандық соты ғимаратының қауіпсіздігіне ҚР ІІМ Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері жауап береді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Иә, біздің қызметкерлер мемлекеттік мекемені күзетеді. Расында да қызметкерлеріміз қайғылы оқиға болған Амангелді аудандық сотының ғимаратын күзетеді. Ғимарат біздікі емес, біз тек күзетеміз. Видеоға қатысты ештеңе айта алмаймын. Әзірше тергеу жүріп жатып, басқа мәлімет айта алмаймыз", - деді Қостанай облысы Мамандандырылған күзет қызметі штабының басшысы Бақыт Ишанова.

Айта кетейік, қайғылы оқиға болған сәт камераға түспей қалған. Ерлі-зайыпты Бекібаев Н. мен Таубаева Ж. сотқа ажырасуға арыз беріп, онда белгіленген уақытта келмеген. Осыған байланысты 15 минуттық үзіліс жарияланған. Сол кезде сот ғимаратындағы видеобақылау камерасы өшірулі тұрған. Дәл сол сәтте осы қылмыс жасалған.

Қостанай облыстық сотындағылардың айтуынша, комиссия кеше кешкі уақытта оқиға болған жерге барды. Енді комиссия өкілдері ер адамның сот ғимаратына қалайша суық қару - пышақпен кіргенін анықтайды. Тергеу жүргізіліп жатыр, ер адам ұсталды.

Еске сала кетейік, осыған дейін сот залында өз әйелін пышақтап өлтірген ер адамның мектеп мұғалімі болып шыққаны хабарланған болатын. Сонымен қатар, соттағылардың айтуынша, өз әйелін пышақтаған ер адам Арқалық мемлекеттік институтын "Дене шынықтыру және спорт" мамандығы бойынша бітірген, Амангелді орта мектебінде мұғалім, дзюдомен айналысады екен.

Қайғылы оқиға кеше болған еді. "Шын мәнінде, кісі өлтіру дерегі болды. Қайғылы оқиға Амангелді аудандық сотының ғимаратында болған. Олар ажырасқысы келген. Ер адам әйелін пышақтаған", - деп хабарлаған еді полицейлер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети