14 ақпан 2014 13:05

Қостанай тұрғыны жеті жастағы қызды зорлаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

Қостанайда жеті жасар қызды зорлады деген күдікпен ер адам ұсталды деп хабарлайды Tengrinews.kz "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне сілтеме жасап. Қостанай қаласы прокуратурасының мәліметінше, №2 қалалық сот жеті жастағы қызға қатысты жыныстық сипаттағы зорлық әрекет жасады деген күдікпен 1956 жылғы ер адамды тұтқындауға санкция берді. Күдікті бұрын бірнеше рет сотталған болып шықты. "Тергеу мүддесіне байланысты ақпарат толық жария етілмейді", - дейді прокуратура қызметкерлері. Еске сала кетейік, өткен жылдың қараша айында Жезқазғанда 36 жастағы ер адам 17 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Ол өзінің танысының 11 жастағы қызын зорлаған. Сонымен бірге, желтоқсан айында Семейде 43 жастағы ер адамның іздестіріліп жатқаны хабарланды. Оған 2011 жылдың қыркүйек айында алты жасар ұл баланы зорлады деген күдік келіп отыр. Полицияның мәліметінше, 43 жастағы ер адам Ресей аумағына қашып кеткен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети