01 қыркүйек 2015 15:02

Қостанайда пара ретінде шарап талап еткен сот орындаушысы қамауға алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Еdalnya.com © Еdalnya.com

Қостанайда пара ретінде шарап алды деген күдікпен сот орындаушысы қызметін атқарушы қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қостанайда пара ретінде шарап алды деген күдікпен сот орындаушысы қызметін атқарушы қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс материалдары бойынша, сот орындаушысы қызметін атқарушы 1975 жылғы әйел ер адамға пәтерді бұғаттаудан тезірек алуды ұсынған. Қызметі үшін ол 5 мың теңге мен бір құты шарап сұраған. Ер адам сот орындаушысын жазалауды сұрап сыбайлас-жемқорлыққа қарсы қызметке шағым түсірді.

"2015 жылдың 6 тамызында сот орындаушысы қызметін атқарушы пара ретінде 5 мың теңге көлемінде ақшалай және құны 7310 теңгелік "Хванчкара" шарабын алды. Осыдан кейін оны Қостанай облысы мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің қызметкерлері ұстады", - деп жазылған баспасөз хабарламасында. Осылайша әйел адам "Пара алу" бабында қарастырылған қылмысқа барды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети