04 тамыз 2015 16:16

Күдікті Алматыдағы сел туралы жалған ақпаратты неліктен таратқанын айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©24.kz ©24.kz

Күдікті Алматыдағы сел туралы жалған ақпаратты неліктен таратқанын айтып берді, - деп хабарлайды 24.kz телеарнасы.


Күдікті Алматыдағы сел туралы жалған ақпаратты неліктен таратқанын айтып берді, - деп хабарлайды 24.kz телеарнасы.

Осыған дейін полицияның Алматыдағы селден қаза тапқандар туралы жалған ақпарат таратқан адамды ұстағаны хабарланған болатын. Жалған ақпарат таратқан 25 жастағы алматылық жігіт болып шықты. Ол селдің салдарын жою кезінде төрт адамның денесінің табылғандығы туралы хабарламаны әлеуметтік желі арқылы таратқан.

"Мен бұл постты адамдардың осында келіп, көмектесуіне түрткі болу үшін жаздым. Себебі кейбіреулер жүреді, серуендейді, бірақ адамдарға көмектің қажет екенін ойланбайды. Келіп, көмектесуі үшін таныстарымның, достарымның назарын аударғым келді", - деді күдікті. Жауап алу кезінде жігіт Интернетте мұндай жарияланымды жасаудың жауапкершілігін түсінбегенін жеткізді.

Айта кетейік, селден кейінгі тазалау жұмыстары кезінде әйелдің денесі табылғаны туралы ақпарат Facebook әлеуметтік желісінде жарияланған болатын. Кейін полиция Алматыда болған селден қаза тапқандардың жоқ екендігін ресми түрде хабарлады. "Алматының ішкі істер департаменті әлеуметтік желіде тараған "селдің салдарын жою барысында табиғи апаттан қаза тапқандардың денесі табылыпты" деген ақпараттардың жалған екенін мәлімдейді. Селдің салдарынан қаза болғандар жоқ", - делінген ІІД таратқан хабарламада.

Еске сала кетейік, Алматыдағы сел 23 шілде күні түнгі сағат 03.00 шамасында жүрді. Қарғалы өзенінің су деңгейі көтерілгендіктен Қарғайлы және Таусамалы ықшамдаудандарын ішінара су басты. Селдің салдарынан Әуезов, Наурызбай және Алатау аудандары зардап шекті. Сел болған аймақтан 1036 адам эвакуацияланды, олардың ішінде 51 бала бар.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети