23 тамыз 2016 16:39

Қырғызстан Алматы облысында ұсталған лаңкестердің бірінің кім екенін анықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© eadaily.com © eadaily.com

Қырғызстан аумағында теракт жасауды жоспарлаған лаңкестердің бірі Қырғызстан азаматы екені анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қырғызстан Республикасының СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қырғызстан аумағында теракт жасауды жоспарлаған лаңкестердің бірі Қырғызстан азаматы екені анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қырғызстан Республикасының СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қырғызстан CІМ өкілдері Қазақстан Республикасында Алматы облысындағы ҰҚК қызметкерлерінің жедел-іздестіру шараларының негізінде 2016 жылдың 18 тамызында Алматы облысының Іргелі ауылында ҚР Қылмыстық Кодексінің 257-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыс жасады делінген адамның ұсталғанын хабарлайды, ол Қырғызстан Республикасының Ош облысы Үзген ауданының тумасы, 15.02.1976 жылғы", - делінген хабарламада.

Еске салайық, осыған дейін Алматы облысында 2016 жылдың 18 тамызында арнайы операцияның жүргізілгені хабарланған болатын. Радикалдар ҰҚК, полиция және әскери бөлімше қызметкерлеріне шабуыл жасамақ болған. "Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері Қазақстан аумағында террористік актілер сериясын жоспарлаған радикалды топтың 4 мүшесін ұстау бойынша арнайы операция жүргізді. Қазақстан және Қырғызстан азаматтары болып табылатын топқа қатысушы ұсталғандардан, олардың тұрған жерінде арнайы салынған құпия орыннан қолдан істелетін жарылғыш құрылғыларды дайындауға арналған құрауыштар, діни-экстремистік материалдар алынды", - делінген ҰҚК баспасөз хабарламасында.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети