22 мамыр 2015 16:05

Қырғызстан азаматы Жамбыл облысында төрт жасар баланы өлтіргенін мойындады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Жамбыл облысында бүлдіршінді өлтірді деген күдікпен ұсталған 55 жастағы қырғызстандық өз кінәсін мойындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оның Ақермен ауылында уақытша тұрып жатқаны хабарланды.


Жамбыл облысында бүлдіршінді өлтірді деген күдікпен ұсталған 55 жастағы қырғызстандық өз кінәсін мойындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оның Ақермен ауылында уақытша тұрып жатқаны хабарланды.

Еске салайық, оқиға Мерке ауданында болды. 17 мамыр күні таңда полицейлер үйдің жақын маңынан баланың денесін тапты. Бала өлімі бойынша ҚР Қылмыстық Кодекстің 99-бабының 2-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. "Тергеу кезінде күдікті өз кінәсін толықтай мойындады. 55 жастағы ер адамның сексуалдық мәндегі әрекет жасау үшін баланы өз үйіне кіргізіп, тұншықтырып өлтіргені анықталды. Дене табылған уақытта оның күдіктіге қатысы болуы мүмкін екендігін айғақтайтын зат болмады", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында. Қазігі уақытта осы дерекке байланысты ұсталған азаматтың психикасын тексеру үшін сот-медициналық сараптама өткізу жоспарланып отыр. Тәртіп сақшыларының айтуынша, жауап алу кезінде күдіктінің жалған сөйлеген әйелі де ұсталды. Ол Мерке ауданы ІІБ уақытша ұстау изляторына қамалды. 

Қазіргі уақытта ұсталған ер адамның мұның алдында тұрып келген Қырғызстан, Ресей Федерациясында осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоға тексеріліп жатыр. "Айта кетейік, полицейлер қылмыскерді іздестіріп, ұстау ойынша шұғыл шаралар жүргізді - елді мекеннен шығу жолдары жабылды, тұрғындардың құжаттарын тексеру жүргізілді", - делінген хабарламада.

Еске салайық, құқық қорғау органдарының мәліметінше, бұл оқиға 17 мамырда белгілі болды. Осыған дейін баланың үй маңындағы жеке территорияда табылғаны хабарланған болатын. Бүлдіршін 16 мамырда жоғалды. ІІД мәліметінше, ер адам Қырғызстанда ұрлық ісіне байланысты сотты болған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети