18 шілде 2022 13:45

Қызылорда облысында марихуана плантациясы анықталды

Сұлу Бөлек Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:polisia.kz Фото:polisia.kz

Қызылорда облысы полицейлері ірі мөлшерде есірткі еккен тұрғынды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 


Қызылорда облысы полицейлері ірі мөлшерде есірткі еккен тұрғынды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Қызылорда облысы полицейлері "Қарасора – 2022" жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде​ 4116​ түп сора өсімдігін еккен 37 жастағы​ жұмыссыз тұрғынды ұстаған. Ол Шиелі ауданына қарасты Жуантөбе ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 45 шақырым жердегі​ шеңгел мен сексеуіл арасына сора өсірген.​ Арнайы баптап өсірілген сораның ұзындығы ​60-70 сантиметрге жеткен.

Осы аумаққа келген көліктердің дөңгелектерін тесу үшін ​тұрғын ауыл маңындағы жолдарға қолдан жасалған металл шыбықтарды тастаған.

Сурет:polisia.kz

Полицейлер оқиға орнынан ірі есірткі алқабынан бөлек арнайы кептірілген марихуана, заңбұзушының​ жеке заттарын, азық-түлік, сора өсіруге арналған арнайы жабдықтар, екі насос, палатка, мотор, 20 метрлік​ шланга, күрек, кетпен тәркіледі.

​4 116 түп ​ көлемінде ​ тәркіленген ​ сора өсімдігінің​ жалпы салмағы 34 келі, ал ​кептірілген марихуана 696 грамм.​ Күдікті Шиелі аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына ​ қамауға алынды.​

Бұл дерек бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 3-бөлігі ("Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу") және 300-бабы 2-бөлігі ("Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру") бойынша соталды тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.25   490.7   4.96 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети