02 наурыз 2015 15:38

Леон Серікбаевтың өлімі бойынша айыпталушыға прокурор 18 жыл жаза сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Леон Серікбаев. Фото әлеуметтік желілерден алынды Леон Серікбаев. Фото әлеуметтік желілерден алынды

Қарағандыда прокурор 11 жастағы Леон Серікбаевты өлтірген Қаламқас Аманбекке 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасын беруді сұрайды, - деп хабарлайды "Новый вестник". Сот үкімі 3 наурызда шығарылады. Тараптарды қатар тыңдау кезінде сотталушы өзінің кінәлі емес екенін мәлімдеді. 


Қарағандыда прокурор 11 жастағы Леон Серікбаевты өлтірген Қаламқас Аманбекке 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасын беруді сұрайды, - деп хабарлайды "Новый вестник". Сот үкімі 3 наурызда шығарылады. Тараптарды қатар тыңдау кезінде сотталушы өзінің кінәлі емес екенін мәлімдеді. 

Сот залында бейнематериалдар көрсетілді. Роликтердің бірінен айыпталушының 11 жастағы Леон Серікбаевтың анасының тонын ломбардқа тапсыруға алып келгенін көруге болады. Судья одан "бұл сен бе?" деп сұраған кезде ол дұрыс көрінбей тұрғанын айтты. Ал жауап алу кезінде Аманбек баланы қалай өлтіргенін әңгімелеп берген. 

Бұған дейін айыпталушының өз қылмысын мойындағаны хабарланған еді. Сондай-ақ қыздың тағы бір қылмысқа қатысы бар екені айтылды. Оның үстінен жаңа туған сәбиінің жоғалып кетуіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. "Бұл қыз 2014 жылдың ақпан айында босанды. Бірақ тіркелген емханасына ол көршілерінің мекенжайын көрсеткен. Ол мекенжайда сол кезде ешкім тұрмаған, егер медбике келсе, ешкімді таппас еді. Сәбидің туылу дерегі бар, бірақ оны ешкім көрмеген, қыз бала ұшты-күйлі жоқ. Полиция айыпталушының қыз баланың жоғалуына қатысы бар-жоғын анықтап жатыр", - деді Леон Серікбаевтың әкесі.

Еске сала кетейік, 11 жастағы Леон Серікбаев өткен жылдың 25 қыркүйегінде қаза тапқан еді. Ол өз үйінен немере әпкесінің қаракүзен тонды ұрлап жатқанын көріп қалғаны үшін қанішердің жазасына ұшырады. Тергеудің мәліметінше, қыз інісін пышақтап, тұншықтырған. Баланың үстінен мектеп формасын шешіп, оны өртеп жібереді де, марқұмды көшедегі дәретхананың шұңқырына тастайды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети