23 ақпан 2021 09:10

Lexus алған, үйін жөндеген: Ақтөбеде қала әкімінің экс-орынбасары сот алдында жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жангелді Әубәкіров © lada.kz Жангелді Әубәкіров © lada.kz

Ақтөбеде қала әкімінің бұрынғы орынбасары Жангелді Әубәкіров 90 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінді, ол сот алдында жауап беріп жатыр, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.


Ақтөбеде қала әкімінің бұрынғы орынбасары Жангелді Әубәкіров 90 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінді, ол сот алдында жауап беріп жатыр, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Тергеу мәліметінше, бюджет қаражаты Жаңа жыл қарсаңында облыс орталығын безендіру үшін бөлінген. Алайда шырша мен гирлянданың орнына шенеунік жалпы құны 31 миллион теңгегің Lexus көлігін сатып алған.  

Әкімнің бұрынғы орынбасары ақшаның қалған бөлігіне үйінде жөндеу жұмысын жүргізген. Одан бөлек, жедел уәкілдердің мәліметінше, шенеунік былғары орындық алған. Әубәкіровпен бірге бірнеше адам сот алдында жауап берді, оның ішінде, ТҮКШ бұрынғы басшысы Нұрлан Досов та бар.    

"Адамдар тобымен алдын ала сөз байласып, жаңажылдық шараларды өткізуге жалған шарт жасасу арқылы және заңсыз мемлекеттік сатып алуды жүргізіп, кейін іс жүзінде орындалмаған жұмысқа мемлекеттік бюджеттен бөлінген аса ірі мөлшерде қаражаты иемденіп, талан-таражға салды деп айыпталып жатыр", - дейді Ақтөбе қалалық сотының баспасөз хатшысы Махаббат Ешімова. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети