24 тамыз 2016 13:36

Лилия Рах пен тағы үш адам Өзбекстан азаматын ұрлады деген күдікке ілінді - ІІД

ПОДЕЛИТЬСЯ

Лилия Рах пен тағы үш адам Өзбекстан азаматын ұрлады деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Лилия Рах пен тағы үш адам Өзбекстан азаматын ұрлады деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

2016 жылдың 9 шілдесінде Алматы қаласының полициясына Н. деген азамат Өзбекстанның 33 жастағы азаматының жоғалғанын хабарлады. Жедел тергеу шаралар кешенінің барысында біреулердің Өзбекстан азаматын ұрлап, пәтерлердің бірінде күш қолдану арқылы ұстап отырғандығы белгілі болды. Полиция бөлімшелерінің жылдам әрекетінің нәтижесінде өзбекстандық азамат босатылды", - делінген хабарламада. 

Полициядағылардың айтуынша, бұл қылмысты жасады деген күдікпен қалалық ІІД қызметкерлері төрт адамды ұстады. Олардың ішінде Лилия Рах бар болып шықты. 

Сотқа дейінгі тергеу Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 125-бабы бойынша (адам ұрлау) жүргізіліп жатыр. Тергеу кезеңінде күдіктілерге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалыпты.

Осыған дейін Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіндегілер Sauvage бутигінің иесі Лилия Рахтың қамауға алынғанын растаған еді. Айта кетейік, Лилия Рах Sauvage сән бутигінің иесі. 2015 жылы сән саласында әлемнің ең абыройлы 500 адамының тізіміне енген.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети