17 қараша 2016 19:18

Мәжілістің бұрынғы спикері Жақыповтың ұлын ұстау сәті түсірілген видео пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Аслан Жақыпов Аслан Жақыпов

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы "Бәйтерек DEVELOPMENT" АҚ басшыларының ұсталған сәті түсірілген видеоны жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы "Бәйтерек DEVELOPMENT" АҚ басшыларының ұсталған сәті түсірілген видеоны жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлттық бюродағылардың мәліметінше, "Бәйтерек DEVELOPMENT" АҚ басшылығына қатысты пара алу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Тергеу барысында "Бәйтерек DEVELOPMENT" АҚ лауазымды Жақыпов А. (Басқарма төрағасының орынбасары), Айтымбетов Б. (мемлекеттік-жекеменшік серіктестік дирекциясы департаментінің басшысы) және Сариев Ғ. (басқарушы директор) есімді лауазымды тұлғалар жүйелі түрде "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы аясында жалдамалы тұрғын үй кешенін сату қызметтерін көрсететін құрылыс компанияларынан ірі көлемде пара алғаны анықталды.

Айта кетейік, Аслан Жақыпов  "Бәйтерек DEVELOPMENT" АҚ басқармасының басшысы орынбасары қызметіне 2016 жылдың наурыз айында келген болатын. Ол - ҚР Парламенті Мәжілісінің бұрынғы төрағасы Қабиболла Жақыповтың ұлы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети