17 ақпан 2014 22:26

Мақсат Үсеновке барлық жағдай жасалыпты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мақсат Үсенов. Фото Tengrinews.kz мұрағатынан Мақсат Үсенов. Фото Tengrinews.kz мұрағатынан

Мақсат Үсеновтың кім екендігін айтып жатпаса да болады. Оның есімі қазір бүкіл елге әйгілі. Ол әкімшілік жазаға кесіліп, Алматы қаласындағы қабылдап-тарату мекемесінде қамауда отырғаны да дүйім жұртқа мәлім. "Осы жуырда ғана Мақсат Үсеновпен қабырғалас камерада отырып, бостандыққа шыққан журналист әрі блогер Ринат Қибраев Facebook парақшасына көршісіне барлық жағдайдың жасалғандығын жазыпты", - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "№1 камерада отырған Мақсат Үсенов алты адамға арналған камерада жалғыз отыр. Оған бірде апайы, бірде анасы келіп кетеді. Ал соңғы рет Үсеновтың қасында бір ағасы отырып кетті. Бір қызығы – олардың барлығына қабылдап-тарату мекемесінің есігі қашан да ашық. Сонымен қатар, ол жұрт ішіп отырған тамақты емес, үйінен келіп жатқан "VIP тұтқынға" "лайық" бай тағамдармен ғана тамақтануда", - деп жазды журналист. Жоғары лауазымды шенеуніктің баласы Мақсат Үсенов алты бірдей адамды қағып (біреуі қайтыс болып кеткен. Авт.), әкімшілік жазаға тартылған болатын. Нақтырақ айтсақ, 45 күнге қамауға алынып, 2018 жылға дейін көлік жүргізу құқығынан айрылған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети