03 ақпан 2014 19:19

Мақсат Үсеновтің көлігінде ақау болмаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

BMW X6 оқиға орнында. ©Тengrinews.kz BMW X6 оқиға орнында. ©Тengrinews.kz

Алматыда алты адамды қағып кеткен BMW X6 көлігінің техникалық жағдайы жарамды болған. Бұл туралы Tengrinews.kz-тің ресми сауалына жауап қайтарған ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. "BMW X6 А 001 ABN автокөлігінің техникалық жағдайына сараптама жүргізілмеді, себебі тергеу органының бақылау нәтижесіне сәйкес, машина техникалық жарамды жағдайда болған", - дейді баспасөз қызметі өкілдері. Бұл оқиғаның салдарынан бір адам қаза тауып, тағы бес адам жарақат алған еді. "Жол-көлік оқиғасы кезінде зардап шеккендерге ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Сот сараптамасы орталығының Алматы филиалы сараптама жүргізді. Сараптамаға сай, екі жаяу жүргіншінің денсаулығына орташа ауыр деңгейде, үш адамға жеңіл деңгейде нұқсан келген", - делінген ресми сауалдың жауабында. Оқиғаға кінәлі Мақсат Үсеновтің қазір ауруханада жатқанын еске саламыз. Прокурорлар келтірген наразылық бойынша Үсеновтің ісі ол ауруханадан шыққан соң қайта қаралуы тиіс. Қадағалаушы орган айыпталушыға 45 тәулікке қамау және көлік басқару құқығынан екі жылға айыру жазасын сұрап отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети