10 қазан 2014 14:17

Маңғыстауда зорланған қыз бүлік шығарды деп айыпталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©wwwzorycom.blogspot.com ©wwwzorycom.blogspot.com

Зорлау ісі бойынша жауапкершілікке тартылып жатқан азаматтың туысқандары жәбірленуші қызды бүлік шығарды деп айыптады, - деп хабарлайды Lada.kz. Арызды айыпталушының әпкесі жазды. Онда жәбірленушінің үйді талқандағаны, есік терезелерін сындырып, айыпталушының ұялы телефонын сындырғаны және аулада тұрған көліктің терезелерін шаққаны туралы жазылған.

Оқиға Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының Жаңа Дәулет ауылында болған. Қыз зорлады деген күдік 34 жастағы ер адамға түсті. Жәбірленушінің айтуынша, ол оны өз үйіне күшпен апарып, сонда қылмыс жасаған. Қызылтөбе ауылының 30 жастағы тұрғыны бұдан кейін айыпталушыдан қашып шығып, қайтарда үйді талқандаған.  

Полиция қызметкерлері болған оқиғаның жай-жапсары зерттеліп жатқанын айтты. "Қазір екі қылмыстық іс қозғалды, бірі өзгенің мүлкін бүлдіру дерегі бойынша, екіншісі зорлау дерегі бойынша", - деді полиция өкілі. Зорлау бойынша айыпталушының тұтқынға алынғаны хабарланды. Бұған дейін Атырауда ұстаз өз қызын зорлады деген хабар тараған болатын. Бұл туралы қыздың туған әпкесі мәлімдеді. Оның айтуынша, ер адам жыныстық әрекеттерді бірнеше жыл бойы жалғастырып келген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети