04 наурыз 2014 13:45

Мас күйде ЖКО-на себепші болған прокуратура қызметкері жұмыстан босатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©infozakon.kz ©infozakon.kz

Ішімдік ішіп, жол көлік оқиғасына себепші болған Қостанай прокуратурасының бөлім бастығы жұмыстан босатылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық прокуратураның сайтына сілтеме жасап. Бұл жол көлік оқиғасы 2014 жылдың 2-наурызында Қостанайда болғаны хабарланып отыр. Қалалық прокуратураның бөлім басшысы Шериязданов Ч.Е., сенім хатпен BMW автокөлігін жүргізіп келе жатып, жол қозғалысы ережесін бұзып және Lada Kalina көлігімен соқтығысқан. Көлік апаты кезінде прокуратура қызметкері жеңіл алкогольді мас күйде болған. ЖКО салдарынан Lada Kalina автокөлігінің жүргізушісі зардап шегіп, ол Қостанай қалалық ауруханасына жатқызылған. Дәрігерлердің айтуынша, жәбірленуші есін жиған, жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр. Өміріне ешқандай қауіп жоқ. "Қызметтік тергеу нәтижесінде облыс прокурорының бұйрығы бойынша, 3-наурызда сенімді жоятын теріс қылық жасағаны үшін Шериязданов Ч.Е. прокуратура органынан жұмыстан босатылды", - деп хабарланған облыстық прокуратураның сайтында. Бұдан бөлек, прокуратура қызметкерінің ішіп алып, жол көлік оқиғасын жасағаны үшін, Қостанай прокурорына сөгіс жарияланған. "Тәрбие жұмыстарын жеткіліксіз жасағаны үшін, өз қарамағындағы адамының жоғарыда көрсетілген теріс қылығы үшін Қостанай прокуроры А.И.Ерекешовке қатаң сөгіс жарияланды", - делінген хабарламада.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети