23 қыркүйек 2014 18:27

Мәйіті өзен жағасынан табылған Айдана Досқалиева жерленді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©mgorod.kz ©mgorod.kz

Батыс Қазақстан облысында мәйіті өзен жағасынан табылған  Айдана Досқалиева Щапово ауылында жерленді, - деп хабарлайды  "Мой город".


Батыс Қазақстан облысында мәйіті өзен жағасынан табылған  Айдана Досқалиева Щапово ауылында жерленді, - деп хабарлайды  "Мой город".

Щапово ауылдық округінің әкімі Айтқали Абжан ауылдастары қаза болған қыздың ата-анасының өтінішімен мәйітті жерлеуге көмектескенін айтты. "Ілік өте аз болған соң, тергеу жұмыстары қиындап барады. Дегенмен де әдепке сай жерлеу үшін туыстарына қаза болған қыздың денесі берілді. Алдыңгүні Айдана Досқалиеваның денесі Серебряково ауылындағы Кушум өзенінің жағасынан табылды", - дейді әкім. 22 қыркүйекте оны туыстары таныды. Қаза болған қыздың денесі бір ай суда жатқандықтан оны тану қиын болды, бірақ туысқандары оны киімінен таныды.

Сондай-ақ әкім қыздың өліміне байланысты ешқандай мәлімет жоқ екенін айтты. Оның айтуына қарағанда, қыздың әкесі мектепте аула тазалаушы болып жұмыс істейді, сондықтанда жерлеуге барлық қызметтестері келген. Одан бөлек, ауыл әкімдігі көмек берген, транспорт жағына жергілікті кәсіпкерлер көмектескен. "Көршілері өздері жиылып мола қазды. Ауылдың әрбір тұрғыны Досқалиевтар отбасын қолдап, қайғысын бөлісу үшін қолдарынан келген көмекті көрсетті", - дейді Абжан.

Айдана Досқалиева 13 тамызда Орал қаласынан ауылына келе жатқанда жоғалып кеткен. Ол Оралдағы жылдам тамақтандыру орындарының бірінде сатушы болып жұмыс істеген. Куәгерлер оның ақ түсті "Жигулиге" отырғанын, көлікте екі ер адам болғанын көріпті. Із-түссіз жоғалған қызды полицияның 300 қызметкері іздестірді. Облыстың тас жолдарында полицейлер куәгерлердің айтқанына сәйкес келетін көліктердің бәрін тексерді.

 

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети