20 наурыз 2014 17:46

Мектепте оқ атқан ер адамға 8 жылға дейін жаза берілуі мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

 ©Тopwar.ru ©Тopwar.ru

Алматыда мектепте оқ атқан ер адам 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін деп хабарлайды Tengrinews.kzтілшісі Әуезов аудандық прокуратурасына сілтеме жасап. Іс Қылмыстық кодекстің "Бұзақылық" бабынан "Бұзақылық ниеттен денсаулыққа қасақана ауыр нұқсан келтіру" бабына ауыстырылды. Қазір тергеу аяқталып, іс сотқа берілді. Еске салайық, бұл оқиға өткен жылдың 23 желтоқсанында директордың кабинетінде болған еді. Мектепте атыс жасаған ер адамның үстінен кейін тағы бір қылмыстық іс қозғалды - "Жыныстық қатынасқа итермелеу". Оның бұрынғы әйелі Майнура Тагированың айтуынша, Құрбанжан Бабазов 12 жастағы қызын мектептен алып кетіп, шағын вагонға қамаған, травматикалық тапаншамен қорқытып, оған порнографиялық фильмдер мен журналдар көрсеткен. Қыз әкесінің әрекетін баян еткеннен кейін анасы полицияға шағымданады. Осыдан кейін ерлі-зайыпты арасында жанжал шығады, олар мектепке шақырылған кезде Бабазов қалтасынан тапанша шығарып, оқпен әйелінің інісін жарақаттайды, әйелін жақтаған тағы екі адамды ұрып-соғады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети