06 мамыр 2014 12:47

Мұнайды екі жыл бойы ұрлаған қылмыстық топ ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©news.headline.kz ©news.headline.kz

Қаржы полициясы Қызылорда және Ақтөбе облыстарында екі жыл бойы мұнайды заңсыз сатып жүрген ұйымдасқан қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) Қызылорда облыстық департаментіне сілтеме жасап. 

Ресми ақпаратқа сәйкес, 2012-2013 жылдары ішінде бес адамнан құралған ұйымдасқан қылмыстық топ мұнай және мұнай өнімдерінің 54 вагонын заңсыз сатқан. Тауардың жалпы құны - 356 миллион теңге. Қылмыстық топ ол ақшаның 236 миллион теңгесін жалған кәсіпорындар арқылы заңдастырып алды.

"Қазіргі кезде осы қылмыс бойынша Х және И деген екі азаматқа айып тағылды. Ал топтың басқа мүшелері ұйымдасқан қылмыстық топтың қатысушылары ретінде күдікті болып жауапқа тартылып отыр. Бұл істі тергеу тобы зерделеп жатыр. Оған арнайы прокурордың жетекшілік етуде", - делінген ресми хабарламада.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети