08 тамыз 2017 09:57

Мұратхан Тоқмәдидің қамау мерзімі ұзартылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© kss.kz © kss.kz

Белгілі бизнесмен Мұратхан Тоқмәдидің қамау мерзімі ұзартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Белгілі бизнесмен Мұратхан Тоқмәдидің қамау мерзімі ұзартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"1 тамызда Алмалы аудандық соты Мұратхан Тоқмәдидің қамау мерзімін үш айға - 13 қыркүйекке дейін ұзартты", - делінген қалалық соттағылардың Tengrinews.kz тілшісі жолдаған сауалға берген жауабында.

Осыған дейін прокуратура өкілдері бизнесмен Тоқмәдидің үйін тінту кезінде қару-жарақ пен оқ-дәрі табылғаны жайлы хабарлаған болатын.

Еске салайық, белгілі кәсіпкер Мұратхан Тоқмәдиді Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Ішкі істер министрлігінің арнайы жасағы үйінен тұтқындап әкеткен болатын. 50 жастағы бизнесмен "Депутаттық корпус" атты қылмыстық топқа жетекшілік еткен делінеді.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети