Мұратхан Тоқмәдиге қатысты қылмыстық іс Жамбыл облысының сотына жолданды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мұратхан Тоқмәдиге қатысты қылмыстық іс Жамбыл облысының сотына жолданды Мұратхан Тоқмәди. © kss.kz

Бизнесмен Мұратхан Тоқмәдиге қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бизнесмен Мұратхан Тоқмәдиге қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Іс Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында судья Азамат Тілеповтің төрағалығымен өтеді. 

Еске сала кетейік, Мұратхан Тоқмәди былтыр 12 маусымда ұсталған болатын. Алматыда арнайы қызмет "Депутаттық корпус" атты қылмыстық топты ұстау бойынша операция өткізген еді. БАҚ-та шыққан ақпарат бойынша, бұл қылмыстық топты "ҚазШыныҚұрылыс" зауытының иесі Мұратхан Тоқмәди басқарған. Сондай-ақ, прокуратура мәліметінше, оның үйін тінту кезінде қару-жарақ пен оқ-дәрі табылған. Ал таяуда бизнесменге қатысты үкім шыққан. Мұратхан Тоқмәди 3 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети