04 қыркүйек 2014 16:32

Омбыда көлік айдап әкеткен қазақстандықтар түрмеге қамалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейдің Омбы облысында қазақстандықтар көлік айдап әкеткені және ұрлық жасағаны үшін бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Superomsk.ru.


Ресейдің Омбы облысында қазақстандықтар көлік айдап әкеткені және ұрлық жасағаны үшін бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Superomsk.ru.

Айдап әкетілген алты көліктің тек үшеуі ғана иелеріне қайтарылған. Жас жігіттер оларды Қазақстанға айдап әкетуге үлгере алмаған. Порталдың дерегінше, Омбының Киров соты 2 қыркүйек күні Қазақстанның төрт тұрғынын абақтыға жабуға үкім шығарған. Автокөлік барымташылары алты элиталық көлікті айдап әкетіп, ұрлық жасағаны үшін шамамен 5 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Енді олар жалпы режимдегі колонияда жазасын өтейтін болады.  

Негізі бұл қылмыс 2013 жылы жасалған. Қазан айында Киров өңірінің ірі сауда орталығындағы автотұрақтан бірден алты көлік ұрланғаны жөнінде полицияға арыз түскен. Арнайы орнатылған бейнебақылаудың арқасында қаскүнемдердің кім екені анықталып, кейін олар жалдамалы үйлерінде қолға түскен. Олар алдын ала жасаған жоспар бойынша әрекет еткен. Көліктерді сату үшін Қазақстанға өткізіп жіберген. 

Еске сала кетейік, Қазақстанда үй-күйі жоқ бір адам көлікті айдап әкетіп, кейін жол-көлік оқиғасына ұшыраған болатын. Бұл туралы 2014 жылдың жазында хабарланған еді. Mazdа қатты екпінмен келіп, Lexus RX-300 көлігіне соқтығысқан. Бұл оқиғаға қатысушылардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети