20 мамыр 2015 17:31

Оңтүстік астанада жүргізушіні ұрғаны үшін "ҰҚК капитаны" іздестіріліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Өзін "ҰҚК капитаны" деп таныстырған ер адамың жүргізушіні ұрып, боғауыз айтқаны бейнеленген видеожазбаға ведомство баспасөз қызметі түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Видеодағы ер адамның Ұлттық қауіпсіздік комитетінде жұмыс істемейтіні хабарланды.


Өзін "ҰҚК капитаны" деп таныстырған ер адамың жүргізушіні ұрып, боғауыз айтқаны бейнеленген видеожазбаға ведомство баспасөз қызметі түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Видеодағы ер адамның Ұлттық қауіпсіздік комитетінде жұмыс істемейтіні хабарланды.

Видеотіркегішке жазылған жазба Интернетке 19 мамырда жүктелді. Онда видео авторының үй ауласына кіріп, тоқтағаны көрінеді. Оның соңынан келе жатқан көліктің дауыс белгісін бергені естіледі. Оған ер адам "Мен сол жаққа жүремін. Оны жіберіп тұрғанмын" деп жауап береді. Бұдан кейін белгісіз ер адам жақындап келеді де машинаны ұра бастайды. "Сен не үшін мұнда кірдің? Сен неге қолыңды сермеп жатсың?". Кейін былапыт сөз айтып, қорқыта бастайды. Видео авторы видеотіркегішті сырттағы адамға қарай бұрады. Ол болса жүргізушінің бетінен ұрып үлегреді. Ер адам видеоға өз бетінен қанның аққанын көрсетеді. "Мен ҰҚК капитанымын, сен кімді түсіріп тұрсың? Сен кімді қорқытып тұрсың?", - деп, қорқыта бастайды, видеотіркегішін алып қоятынын айтып, қорқытады.

ҰҚК баспасөз қызметінің өкілдері 2014 жылы сәуір айында Алматыда жолдың қарсы бағыттағы бөлігіне шығып кетіп, өзге жүргізушіге боқтық сөз айтқан жалған "комитетчикті" еске салып, оның шын мәнінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінде жұмыс істемейтінін ескертті. Тәртіп сақшыларының қолына түскен ер адам өз ісі үшін көпшілік алдында кешірім сұрап, қарсыласын қорқыту үшін ғана өзін "комитетчик" деп таныстырған болатын. "Біздің қызметкерлер өз жұмыс орындарын бағалайды және ешқашан ұлттық қауіпсіздік органының қызметкері екенін айтпайды", - деді ведомстводағылар. Олардың айтуынша, алдағы уақытта жоспарлы тексеріс жүргізіліп, өзін "ҰҚК капитаны" деп таныстырған ер адамды анықталатынын айтты.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети