08 шілде 2015 18:16

Оңтүстік Қазақстанда 30 мың теңге пара алған әкім айыппұлмен құтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Timeskz.kz Timeskz.kz

Оңтүстік Қазақстанда Ордабасы ауданы Қараспан ауылының әкімі пара алғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Оңтүстік Қазақстанда Ордабасы ауданы Қараспан ауылының әкімі пара алғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз өкілдерінің айтуынша, Қараспан ауыл әкімі жеке меншікке жер телімін беру үшін 30 000 теңге пара алған.

"Ордабасы аудандық сотының үкімімен ОҚО Ордабасы ауданы Қараспан ауыл әкімі Қазақстан Республикасы ҚК-нің 366-бабы 1-бөлігінде көрсетілген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, осы баппен оған жеке мүлкі тәркілене отырып, мемлекеттік қызметті атқарумен байланысты қызметтерді атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңге айыппұл жазасы тағайындалды", - делінген хабарламада. Сонымен қатар, айыппұлдың мемлекет пайдасына өндірілгені және үкімнің әзірше заңды күшіне енбегені хабарланып отыр.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети