13 қаңтар 2015 15:25

Орал автовокзалын "жарып жібермек" болған ер адам үш жылға сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

Орал автовокзалын жарып жіберетінін айтып қорқытқан ер адамға жалпы режимдегі түзеу колониясында үш жылға бас бостандығынан айыру жазасы берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Батыс Қазақстан облысы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Орал қалалық сотының мәліметіне сәйкес, өткен жылы желтоқсан айының ортасында жергілікті тұрғын өз ұялы телефонымен кезекші диспетчердің телефонына хабарласып, Орал автовокзалының ғимаратын жарып жіберетінін айтты. Бірақ оқиға орнына келген шұғыл әрекет ету қызметінің қызметкерлері ғимаратты тексергеннен кейін жарылғыш заттың жоқтығын анықтайды. Кейін Орал қалалық соты сотталушыны "Дайындалып жатқан терроризм актісі туралы көпе-көрінеу жалған хабар беру" бабында қарастырылған қылмысты жасауға айыпты деп танылды.

Айта кетейік, Оралда мұндай жағдай бірінші рет болып отырған жоқ. Өткен жылы телефон терроризмімен айналысқаны үшін 1994 жылғы азамат сотталды. Ол ұялы байланыс операторы орталығына жарылғыш зат қойылғанын айтқан. Кейін бұл мәлімет расталмады. Сот оны айыпты деп танып, бостандығын екі жылға шектеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети