29 шілде 2015 18:50

Оралда бір адамды қағып өлтірген полицей сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©kmv.gorodskoitelegraf.ru ©kmv.gorodskoitelegraf.ru

Оралда бір адамды қағып өлтірген полицей сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі  Батыс Қазақстан облыстық сотының ақпараттық қамтамасыз ету бөліміне сілтеме жасап.


Оралда бір адамды қағып өлтірген полицей сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі  Батыс Қазақстан облыстық сотының ақпараттық қамтамасыз ету бөліміне сілтеме жасап.

Оқиға 2015 жылдың 28 наурызында түнгі уақытта болды. Орал қалалық Абай ПБ-нің учаскелік инспекторы жол жүру ережелерін өрескел бұзып, бір жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Ол алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапты. 

"Орал қалалық сотының үкімімен А.Серіков ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігі бойынша айыпты деп танылып, оған 2 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасын қоныс колониясында өтеуге тағайындалды", - деп хабарлады сот өкілдері. 

Еске салайық, осыған ұқсас оқиға Қарағандыда болған еді. Полицей көшені белгіленбеген тұстан кесіп өтпек болған ер адамды көлігімен қағып өлтірген болатын. Жол-көлік оқиғасына жол берген жүргізуші - Қарағанды ішкі істер басқармасының Оңтүстік-Шығыс полиция бөлімінің 23 жастағы қызметкері. Қарағанды облыстық "Жедел жәрдем" орталығының мәліметінше, жол-көлік оқиғасы Степной ықшамауданында болды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети