08 ақпан 2016 18:53

Оралда жаңа туған сәбиін далаға тастаған қыз оны өзі асырайтын болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© easylist.ru © easylist.ru

Оралда өз баласын тұрғын үйлердің бірінің ауласына тастап кеткен 21 жастағы Виктория Пыркова сотталды, - деп хабарлайды "Уральская неделя". Ол бір жылға бас бостандығынан шектелді.


Оралда өз баласын тұрғын үйлердің бірінің ауласына тастап кеткен 21 жастағы Виктория Пыркова сотталды, - деп хабарлайды "Уральская неделя". Ол бір жылға бас бостандығынан шектелді.

Сот процессі кезінде қыз өз ісіне өкінді. Сонымен қатар, ол өз баласын қайтарып алды. "Қазіргі уақытта сәби анасына сынақ мерзімімен берілді. Сотталушыға көңіл көтеру мекемелеріне және түнгі клубтарға баруға тыйым салынды", - деп хабарлады судья Варвара Дмитриенко.

Мұнымен қатар, судья сотталушының асырауында 2014 жылғы тағы бір сәбидің бар екенін айтып берді. "Сотталушы сотқа материалдық жағдайының қиын болғанын және сол кезде күйеуімен ұрысып қалғанын түсіндірді", - деді судья. Осылайша, сот қызды ҚР ҚК 119-бабы ("Қауіпті жағдайда қалдыру") бойынша айыпты деп таныды. 

Еске салайық, нәресте 4 қарашада 17.30-да Молдағұлова көшесінің бойындағы №14/1 үйінің ауласында табылған еді. Дәрігерлер баланы қарағаннан кейін оның өкпесінің қабынғанын анықтады. Кейін полицейлер 21 жастағы анасын ұстады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети