29 сәуір 2014 21:54

Оралда күйеуі әйелін пышақтап тастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қылмыс осы көлікте болған. Фото ©Рауль Упорова Қылмыс осы көлікте болған. Фото ©Рауль Упорова

Оралда автокөлік ішінде ер адам әйелін пышақтап тастады, - деп жазады "Уральская неделя"


Оралда автокөлік ішінде ер адам әйелін пышақтап тастады, - деп жазады "Уральская неделя"

Оқиға 28 сәуірде болған. Орман алқабындағы "ВАЗ-2101" автокөлігінің ішінен полицейлер мойны пышақпен кесіліп, мерт болған 25 жастағы қыздың мәйітін тапқан. 

Қаза тапқан қыздың қасында 30 жастағы ер адам болған. Полицейлер бұл жігіттін де көкірек тұсы мен іші жараланғанын анықтаған. 

"Мой город" порталының мәліметіне қарағанда, оларды қабылдаған облыстық емхана бұл іс туралы түсініктеме беруден бас тартқан. Қазір жаралы жігіт жансақтау бөлімінде жатыр.

БҚО ІІД-нің тергеу бөлімі басшысының орынбасары Мағауия Құрмашевтың айтуына қарағанда, ер адам алдымен достарына қоңырау шалған, кейін достары полиция шақырған. Оқиға болған жерге келген полицейлер көлікті Рыбцех пен Зачаганск ауылының ортасындағы талдардың арасынан тапқан. Полицейлер келгенде әйел қайтыс болып кеткен, ал ер адам жаралы күйінде жатқан. Ауыл тұрғындары тәртіп сақшыларына ерлі-зайыптылардың ажырасуды жоспарлап жүргенін айтқан. Ал көлікте әйелі күйеуіне шабуыл жасап, ер адам қорғанған көрінеді. Бұл оқиғаға қатысты әлі қылмыстық іс қозғалған жоқ. Тергеу жұмыстары жүріп жатыр. 

Ерлі-зайыптылардың екі кішкентай баласы бар. 

 

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети