23 қазан 2020 14:08

Оралдағы атыс: полиция оқиғаның мән-жайын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Оралдық Полиция департаменті жанармай құю станциясында болған атыстың мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Оралдық Полиция департаменті жанармай құю станциясында болған атыстың мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еске салайық, 20 қазанда Оралда Шолохов көшесіндегі VenОil жанармай құю станциясында атыс болған. Салдарынан 24 жастағы ер адам жарақат алған. Қазіргі таңда ол ауруханадағы жансақтау бөлімінде жатыр. Атыс болған сәт видеорегистраторға түсіп қалған. 

Полицейлердің сөзінше, екі қылмыстық іс қозғалған. ҚР Қылмыстық кодексінің екі бабы: 293-бап, 3-бөлік бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. 

"Екі күдікті уақытша тергеу изоляторына қамалды. Олардың біреуі қамауға алынды. Айғақ затттары: атыс қаруы мен пышақ алынды. Жедел-тергеу шаралары кешені жүргізіліп жатыр", - дейді БҚО Полиция департаментінің терегу басқармасының басшысы Ғалым Байжанов. 

Сондай-ақ полиция өкілдері жанжалдың шығуына не себеп болуы мүмкін екенін айтты. 

"Жанжал екі ер адамның дұшпандық қатынастарынан туындады", - деді Ғалым Байжанов.

Облыстық көпсалалы аурухана өкілдері 24 жастағы жәбірленушінің жағдайы ауыр екенін айтады. Жәбірленушіге ота жасалды.

"Көкбауыры алынып, бір бүйрегі мен асқазаны тігілді. Ішкі органдарына: бауыр, тоқ ішек және тік ішегіне зақым келіп, қабырғасы сынған", - дейді облыстық көпсалалы аурухананың бөлім меңгерушісі Ербол Есеев. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети