19 қазан 2015 10:41

Өскеменде хоккейшінің әйелінің өліміне күдіктілер ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мария Фадеева Мария Фадеева

Өскемен полицейлері хоккейші Евгений Фадеевтің әйелінің өліміне күдіктілерді ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ШҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Өскемен полицейлері хоккейші Евгений Фадеевтің әйелінің өліміне күдіктілерді ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ШҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Екі күдікті ұсталды, орта жастағы ер адамдар. Олар Семейде тығылған, күдіктілер жедел-профилактикалық шаралар барысында ұсталды. Тергеу екі айға созылады, қажет болса тиісті сараптамалар тағайындалады. Қалған мәліметтер тергеу мүддесіне байланысты хабарланбайды", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Еске сала кетейік, Өскеменде хоккейші Евгений Фадеевтің әйелін белгісіз біреулер өлтіріп кеткен болатын. Қаза тапқан Марияның ағасы Максим Беляевтің айтуынша, ол қарындасымен кездеспек болып, онымен оқиғадан бір сағат бұрын сөйлескен екен. Кейін 30 жастағы әйелдің денесін оның күйеуі тауып алады. "Мен онымен қайғылы оқиғадан бір сағат бұрын сөйлестім. Ол менің өтінішіммен үйінен шығуы керек еді, күйеуін күтіп отырған болатын. Оқиға сол кезде болса керек. Қазір бұл туралы айту қиын, сезімімді жеткізе алмаймын. Біз үшін орны толмас қайғы болды. Бес және екі жасар балалары қалды. Маша көңілді адам болатын, ешкімге жамандық тілемейтін", - деді ол.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети