22 сәуір 2015 14:12

Өз баласын автокөлікке айырбастамақ болған ерлі-зайыпты 7 жылға бас бостандығынан айырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

Өз балаларын автокөлікке айырбастамақ болған ерлі-зайыптыға сот үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астанадағы кәмелеттік жасқа толмағандардың ісі бойынша мамандандырылған сот залынан.


Өз балаларын автокөлікке айырбастамақ болған ерлі-зайыптыға сот үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астанадағы кәмелеттік жасқа толмағандардың ісі бойынша мамандандырылған сот залынан.

"Любовь Түкенова мен Аманбек Түкенов Өзбекстан тумалары. Олар ҚР ҚК 135-бабының 2-тармағы "Кәмелеттік жасқа толмаған баланы бөтен мақсатта пайдаланғаны немесе айырбастау" бойынша топ болып қылмыс жасағандары үшін айыпталып отыр.

Тергеу дерегі бойынша, ерлі-зайыпты өткен жылдың наурызында сату мақсатымен дүниеге бала әкелуді жоспарлаған. "Жүктілік кезінде Любовь Түкенова 2014 жылдың маусымынан бастап желтоқсанға дейін www.kazakh.ru форумында 2004-2008 жылдары шыққан Toyota Corolla маркалы автокөлікті әлі туылмаған балаға айырбастайтыны жөнінде хат алмасып отырған. Ол хатында өзінің телефон номерін де көрсеткен", - деді прокурор Кристина Ким.

Оның айтуынша, белгісіз азаматтан Астана ішкі істер департаментінің басшысына сайттардың бірінде белгісіз әйелдің туылмаған баласын саудалап жатқаны жөнінде хат келді. Полиция қызметкерлері осы іске қатысып, өздерін балалары жоқ отбасы деп таныстырады. Олар Түкеновтардың отбасымен сөйлесті.

"Ерлі-зайыпты баланың орнына 2004-2008 жылғы Toyota Corolla автокөлігін сұраған. Олар қолма-қол ақшадан бас тартты. 2015 жылдың 27 қаңтарында әйел ұл баланы дүниеге әкелді. 29 қаңтарда олар жаңа туылған сәбиді автокөлікке айырбастау үшін кездесуге келіп, автокөлік құжаттарын көрген олар баланы айырбастауға келісім берді. Түкенова сол жерде балаға ешқандай қатысы жоқ екені туралы қолхат жазып берді. Осыдан кейін ерлі-зайыпты тұтқындалды", - деп хабарлады прокурор Кристина Ким сот отырысы жөнінде толықтай айта отырып.

Айыпталушылар өз қылмысын мойындады. Олар өздерінің бұл әрекетін қаржылық қиындықтармен түсіндірді. Осыдан алты жыл бұрын Астанаға Өзбекстаннан келген олардың тұрақты жұмысы болмаған. Айта кетейік, Түкеновтардың жаңа туылған сәбимен қосқанда үш баласы бар. Тоғыз жастағы олардың тұңғышы балалар үйінде, ал төрт жастағы баласы Өзбекстанда әжесімен бірге тұрады. Жаңа туылған Арман қазір Астанадағы балалар үйінде. Мамандар оның жағдайы жақсы екенін айтты.

Айта кетейік, сот отырысы кезінде прокурорлар баланың анасын 8 жылға, әкесін 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Айыпталуышылар өз істеріне қатты өкінетінін айтып, сотта жазаны жеңілдетуін сұрады.

"Мен өз кінәмді мойындаймын. Маған кешірім жоқ. Өз қателігімді түзету үшін маған кешірім беруіңізді сұраймын. Осындай іске не үшін барғанымды түсінбеймін. Мен өз баламды қатерге тігіп, автокөлікті арсыздықпен қабылдағанымды білемін. Мен қатты өкінемін әрі балам өзіме керек. Қазір абақтыдан да, бас бостандығынан айыру мерзімінен де қорқып тұрған жоқпын. Баламның орнын ешқандай байлық баса алмайды. Мен өте қатты қателестім. Менің екі балам бар, үшіншісін асырай алмаймын  ба деп қорықтым. Бірақ кейін олай емес екенін түсіндім", - деді айыпталушы Түкенова.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети