16 мамыр 2016 11:40

Өзінің үш жасар қызын кепілге алған алматылық наркологиялық есепте болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© vdvsn.ru © vdvsn.ru

Өзінің үш жасар қызын кепілге алған алматылық полицейлерден тікұшақ пен 10 миллион доллар талап еткен. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері хабарлады. Ер адам наркологиялық есепте бар болып шықты. Қазір ол қамауда отыр, оған психиатрлық сараптама жүргізілуі керек. 

Еске салайық, оқиға мамыр айының басында "Құлагер" ықшамауданында болған. Әкесі қолына пышақ алып, өз қызын кепілге алғаннан кейін пәтерінде қамалып алған. Сонымен қатар, ол қызын тұрғын үйдің бесінші қабатынан тастайтынын айтқан. Оның әйелі полицейлерге күйеуінің ашуланып, оны да, үлкен ұлдарын да үйден қуып шыққанын айтып берген. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері қызды құтқару бойынша арнайы операция жүргізді. 

Ашулы ер адам полицейлер кіріп келер болса өзінің қызын пышақтайтынын айтқан. Полицейлер ер адамның психикалық жағдайын ескере отырып, онымен әңгімелесті.

"Сөйтсе, екеуміздің ұлтымыз бір екен. Оны өзіме үйретейін деп, туған тілінде сөйлей бастадым. Оның нәтижесі де болды: біраз уақыт өткенде ер адам қолындағы пышағын маған беріп, кейін қызын босатты", - деді қалалық ІІД жергілікті полиция қызметінің полицейі Рахметжан Хакимахунов. Әкесі дереу ұсталып, Жетісу аудандық ішкі істер басқармасына жеткізілді. 

Қыздың әкесіне қатысты "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық өндіріс басталды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети