07 ақпан 2014 09:40

Пәтер үшін анасын жүйке аурулары ауруханасына жатқызды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет tsn.ua сайтынан алынған Сурет tsn.ua сайтынан алынған

"Өскемендік әйел өзінің туған анасын жүйке аурулары ауруханасына жатқызып, "әрекет етуге қабілеті жоқ" деген анықтама алып, пәтерін иемденбек болды" деп хабарлайды Tengrinews.kz "Жетінші канал" телеарнасына сілтеме жасап. Зейнеткер Анна Мамаеваның қызы айналасындағыларға анасының жүйке ауыруымен ауыратынын айтып, облыстық жүйке ауыруы диспансеріне есепке қояды. Содан соң анасының әрекет етуге қабілеті жоқ екендігін растау туралы сотқа өтініш-арыз береді. Сот дәрігерлік анықтама негізінде Анна апайды "әрекет етуге қабілеті жоқ" деген шешім шығарады. "Мен оған: Не істеп жүрсің? Неге мұнда әкелдің" дедім. Ол "сен өмірден артта қалдың. Қазір ақша үстемдік құрған заман. Ақшамен сені жынды қылып қана қоймай, басқа нәрсе істеуге де болады деді" деп еске алады Анна Мамаева. Зейнеткер мемлекеттік органдарға шағымданған, алайда көмекке тек қаржы полициясы ғана келіпті. Қайта жасалған сараптама зейнеткердің дені сау екенін анықтаған. Жалған қортынды жасағаны үшін облыстық жүйке ауруы диспансерінің сарапшы-дәрігерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта диспансердің үш қызметкеріне қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр. Жәбірленушінің айтуына қарағанда, қызы баспанаға зәру емес, жалға беріп отырған бірнеше пәтері бар екен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети