Павлодар тұрғыны мұғалімді зорлады деген айыпқа кінәлі деп танылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Павлодар тұрғыны мұғалімді зорлады деген айыпқа кінәлі деп танылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Павлодар облысы мамандандырылған ауданаралық сотында екі ауыр қылмыс бойынша кінәлі деп танылған тұрғынға қатысты сот процесі аяқталды. Сот жабық өтті. Зардап шегуші қорғаушысының өтінімі бойынша үкімді БАҚ өкілдері ести алмады.
"Сот зорлау және зардап шеккен әйелдің денсаулығына аса ауыр зақым келтіргені үшін үкім шығарды. Кінәлі азамат 15 жылға бас бостандығынан және педагогикалық қызмет пен кәмелетке толмағандармен өмір бойы жұмыс істеу құқығынан айырылды", - деді баспасөз қызметіндегілер.
Сондай-ақ сот зардап шеккен ер адамға 2 миллион теңге моральдық шығын өтеуді міндеттеді.
Еске салайық, Павлодар облысында ауылдық әкімдіктің бұрынғы ғимаратында осы жылдың ақпанында 19 жастағы мұғалімді зорлап кеткен. Жас мұғалім кешке мектепке жұмыс істеуге бара жатқанда ер адам шабуыл жасап, бос тұрған ғимаратқа қарай сүйреген. Келесі күні полицейлер күдіктіні ұстады. Ол ауылдың 30 жастағы тұрғыны болып шықты.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!