02 ақпан 2022 15:05

Павлодарда бірнеше рет жол ережесін бұзған 19 жастағы жүргізуші қамауға алынды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Павлодарда бірнеше рет жол ережесін бұзған 19 жастағы жүргізуші он тәулікке қамауға алынып, айыппұл төледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Павлодарда бірнеше рет жол ережесін бұзған 19 жастағы жүргізуші он тәулікке қамауға алынып, айыппұл төледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Көлік жүргізушісі мен жолаушылардың жағымсыз қылықтарын куәгерлер видеоға түсіріп алған. 

"2003 жылы туған Павлодар қаласының тұрғыны Lada Granta маркалы автокөлігімен Лермонтов көшесінің жүріс бөлігімен келе жатып, бірден бірнеше жол ережесін елемей, жолда апатты жағдай туғызды және жол қозғалысының басқа қатысушыларына қауіп төндірді", - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, жүргізуші жолаушыларды тасымалдау ережелерін сақтамағаны және тыйым салынған бағдаршамда жүргені үшін жауапкершілікке тартылды. Полиция сонымен қатар жігіттің 2021 жылы мас күйінде көлік жүргізгені үшін куәлігінен айырылғанын анықтады.

"Жүргізу құқығынан айырылған тұлғаның көлік құралын басқарғаны үшін құқық бұзушыға 10 тәулікке қамауға алу түрінде әкімшілік жаза тағайындалды. Сонымен қатар, ол ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабының 5-бөлігі бойынша қарсы жолаққа шыққаны үшін жауапкершілікке тартылды", - деп атап өтті өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айыппұлдың жалпы сомасы 65 айлық есептік көрсеткішті, яғни 200 мың теңгеге жуықтады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети