14 тамыз 2017 17:34

Павлодарда төбелескен полицей: Оқиғаның мән-жайы анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда кафе келушілерін ұрып-соққаны үшін ұсталған полицей кепілмен босатылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Павлодарда кафе келушілерін ұрып-соққаны үшін ұсталған полицей кепілмен босатылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Павлодар қалалық №2 сот Павлодардың жол-патрульдік батальонының 25 жастағы қызметкеріне қатысты бұлтартпау шарасын таңдау туралы өтінішті қарап шықты. Соттың үкімімен ер адам 500 айлық есептік көрсеткіш көлемінде кепіл қалдырып, бостандыққа шыға алады", - деп оқыды үкімді №2 соттың тергеу судьясы Әсет Сүлейменов.

Күдіктінің туыстары кепілді белгіленген уақытта әкелуге дайын. Айта кетейік, ер адамның ауыр қылмыс жасауына байланысты тергеу органдары мен мемлекеттік айыптаушы күдіктіні қамауға алуды сұраған болатын.

Алайда айыпталушының адвокаты күдіктінің оқиға орнынан жасырынбақшы болмағанын айтып отыр. Осы оқиғаның видеосы 11 тамызда әлеуметтік желілерде таралған соң ол Павлодар облыстық ІІД Өзіндік қауіпсіздік басқармасына өзі келді. Сондай-ақ, сот күдіктінің 10 айлық сәбиі мен студент әйелі бар екенін ескерген болатын.

Павлодар қаласының 28 жастағы тұрғыны сотқа зардап шеккен адам ретінде келді. Ер адамның айтуынша, оның қызметкерге айтар ешқандай шағымы жоқ және ол оның кепілмен бостандыққа шығуына қарсы емес.

Айта кетейік, полицей "Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану" бабы бойынша айыпталып отыр.

"Оқиға 3 тамызда болды. Полицей патрулі қоңыраудан кейін "Арай" сауда үйінің маңында орналасқан кафеге келді. Оқиға орнына келген полицейлер кафедегі төрт келушінің далаға шығып, төбелесе бастағанын көрген. Салдарынан күдіктілердің бірі полицейлерге қарсы күш қолданған. Оның бұл әрекеті видеобақылау камерасына түсірілген", - деді прокурор.

Қазіргі уақытта жемқорлыққа қарсы қызметтегілер осы дерек бойынша арнайы тергеу жүргізіп жатыр. Прокуратура мәліметінше, осы іске 4 полицей қатысып жатыр. Алайда олардың тек біреуі қамауға алынды. 

Атышулы бейнеролик YouTube әлеуметтік желісінде жарияланды. Видеода полиция қызметкерінің формасындағы адамның жас жігіттерді ұрып жатқанын көруге болады. 

Ал кейінірек полицейлер мен ұсталғандар арасындағы төбелеске қатысты арнайы тергеу басталғаны хабарланған болатын. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети