05 қараша 2021 08:53

Павлодарда үйден алтын мен гауһар тас ұрлағандарға үкім шықты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Павлодарда қылмыстық істер жөніндегі сот жалпы құны 125 миллион теңгеден асатын алтын мен гауһар тастарды ұрлаған қылмыстық топтың төрт мүшесіне қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Павлодарда қылмыстық істер жөніндегі сот жалпы құны 125 миллион теңгеден асатын алтын мен гауһар тастарды ұрлаған қылмыстық топтың төрт мүшесіне қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Төртеуі де алдын ала сөз байласып, тұрғын үйге заңсыз кіріп, бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін кінәлі деп танылды.

Сонымен қатар, олардың бірі газ қаруын заңсыз сақтағаны үшін, тағы бірі аса ірі көлемде ұрлық жасағаны үшін сотталған.

Іс материалдарына сәйкес, биыл қаңтарда топ мүшелерінің бірі Алматы облысындағы жекеменшік үйлердің бірінен гауһар тастар мен алтын бұйымдар ұрлап кеткен. Шығын сомасы 125 миллион теңгеден асады. Ал бір аптадан кейін ол Павлодар қаласына келіп, сыбайластарымен бірге жекеменшік тұрғын үйдің сейфінен алтын мен 600 мың теңге ұрлаған.

Сот отырысында төртеуі де өз кінәсін мойындағанымен, бостандықта қалдыруды сұрады.

"Жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде сот залалдың ішінара өтелуін және жасы ұлғайғанын ескерді. Сотталушылардың бірінің әрекеті қылмыстың қайталануы деп танылды, өйткені оның бұрын аса ауыр қылмыс жасағаны үшін соттылығы жойылмаған", - делінген хабарламада.

Сот айыпталушылардың екеуін бес және төрт жылға, тағы екеуін үш жыл алты айға бас бостандығынан айырды. Соттың баспасөз қызметі үкім заңды күшіне енбегенін айтты.

Айта кетейік, павлодарлық полицейлер қылмыстық топ ұсталғаны туралы биыл ақпанда хабарлаған болатын. Олар ұрлықты мұқият жоспарлаған. Үй иелерінің жұмысқа кеткенін күткен ұрылар кілттерді алып, жеке үйге кірген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.57   490.7   4.88 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети