ПОДЕЛИТЬСЯ
31 наурыз 2022 | 09:31
Павлодарлық дәрігерлер ауыр соққы алған әйелді ауруханаға жатқызудан бас тартты
Павлодарлық дәрігерлер қатты соққыға жығылған 47 жастағы әйелді ауруханаға жатқызудан екі рет бас тартқан. Дәрігерлер миы шайқалған, қабырғасы көгерген және көптеген жарақаттары бар жәбірленушіні амбулаторлық емдеуге жіберген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Павлодарлық дәрігерлер қатты соққыға жығылған 47 жастағы әйелді ауруханаға жатқызудан екі рет бас тартқан. Дәрігерлер миы шайқалған, қабырғасы көгерген және көптеген жарақаттары бар жәбірленушіні амбулаторлық емдеуге жіберген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Дәрігерлердің әрекетіне қатысты шағымды "НеМолчи" қоры Instagram-да жариялады. Қоғам белсенділерінің мәліметінше, павлодарлық әйелді араласқысы келмеген бейтаныс ер адам ұрып-соққан.
"Әйел жүре алмайды, ештеңе көрмей қалған, қатты құсып жатыр. Ұрып-соғу кезінде ер адам оны аямай тепкілеген. Соққыдан қуық пен тік ішегі босап қалған, қазір анустан қан кетіп жатыр, қабырғалары қатты көгерген. Жәбірленушіге дәрігерлер ауруханаға жатқызудан бас тартқаны туралы қағаз беріп, ауруханаға жатқызуға негіз жоқ деп, үйден емделуге жіберген", - деп жазды қоғам белсенділері.
Анықтамада дәрігерлер ауруханаға келген әйелдің мас болғанын жазады. Жәбірленуші дәрігерлердің медициналық тексеруге жібермегенін және алкогольге қан алмағанын айтады. Соққыдан кейін бір күннен кейін әйел қайтадан жедел жәрдем шақырған.
"29 наурыз күні кешке мен қатты құса бастадым. Менің жағдайымды үйге келген полиция қызметкерлері куәлік жазып берді. Жедел жәрдем дәрігерлері мені ауруханаға алып кетті. Ауруханада УЗИ жасап, ешқандай ауруың жоқ деп қайтадан үйге жіберді", - дейді зардап шегуші.
Әйелге көмектесу үшін қоғам белсенділері әлеуметтік желі арқылы Ішкі істер министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігінің басшыларына шыққан.
Қазір жәбірленуші үйінде. Алайда әйелдің жағдайы ауыр. Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы ауруханаға жатқызуға ешқандай белгілер жоқ деп сендіреді.
"Науқас тексеріліп, оған қажетті медициналық көмек көрсетілді. Бірқатар зерттеулер жүргізілді, тіркелген жері бойынша емханада бақылауға ұсынылды. Өміріне қауіп жоқ", - деп жауап берді бөлімше.
Полицейлер павлодарлық әйелді ұрып-соғу дерегін тексеріп жатыр.
"Аталмыш факт Павлодар қалалық ІІБ-на тіркелді. Тексеру жүріп жатыр. Полиция оқиғаға қатысушыларды анықтады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также