08 сәуір 2015 20:23

Петропавлда 19 жастағы қызды өлтіргені үшін екі ер адам сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сотталушылардың бірі. ©Tengrinews.kz Сотталушылардың бірі. ©Tengrinews.kz

Петропавлда қызды өлтіріп, қоқыс контейнеріне тастаған екі ер адамға қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Петропавлда қызды өлтіріп, қоқыс контейнеріне тастаған екі ер адамға қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қылмыстық іс материалы бойынша, Бунин мен Пелевин мас күйде жапа шеккен қызбен ұрысып қалған. Жанжал барысында екі ер адам қызды тұншықтыра бастайды. Содан кейін қыздың денесін пәтерден шығарып, қоқыс контейнерлердің біріне тығып, жанатын сұйық затты құйып өртеген. 

Істі қарау барысында Бунин мен Пелевин қылмыс жасағанында бір-бірін әшкерелейтін айғақ берген, сонымен бірге әрқайсысы кісі өлтіргендерін мойындамаған. Ал сот залында екеуі де қылмысын мойындады. "Алқабилердің қатысуымен шығарылған Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен В.Н. Бунин мен В.С.Пелевин ҚР ҚК 96-бабының 2-бөлігінің "ж" тармағы бойынша кінәлі деп танылды. Аталмыш бап бойынша В.Н. Бунин 15 жылға бас бостандығынан айырылса, В.С. Пелевин 11 жылға бас бостандығынан айырылды", - делінген баспасөз хабарламасында.

Еске салайық, 19 жастағы қыздың денесі 2014 жылдың 19 желтоқсанында қоқыс контейнерінен табылған болатын. Бойжеткеннің мәйіті 19 желтоқсан күні табылды. Сот-медициналық сараптамасының нәтижесінен кейін оны өлтірді деген күдікпен 37 жастағы ер адам ұсталды. "Осы қылмысты жасады деген күдікпен полиция қызметкерлері Петропавлдың 1977 жылы туған тұрғынын ұстап, тергеу изоляторына қамады", - деп хабарлады СҚО ІІД баспасөз қызметі. Бұдан кейін бұл іске тағы бір адамның қатысы бар екендігі белгілі болды. Ол - Ресей азаматы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети