21 ақпан 2016 13:55

Полицейлер алты жасар Мұхаммед Қамшыбекті ұрлап әкеткен күдіктінің фотороботын жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ОҚО ІІД баспасөз қызметі © ОҚО ІІД баспасөз қызметі

Оңтүстік Қазақстан облысының полицейлері алты жасар Мұхаммед Қамшыбекті ұрлауы мүмкін делінген күдікті әйелдің фотороботын жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Оңтүстік Қазақстан облысының полицейлері алты жасар Мұхаммед Қамшыбекті ұрлауы мүмкін делінген күдікті әйелдің фотороботын жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл істі Ордабасы АІІБ сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне ҚР ҚК 125-бабы "Адам ұрлау" бабы бойынша тіркеді.

Еске сала кетейік, бала 20 ақпан күні күндіз жоғалып кетті. Баланың туыстарының айтуынша, Мұхаммед сағат 12.30 шамасында сабақтан шыққан, бірақ үйіне келмеген. Мұхаммедтің белгілері мен киімі: жасы шамамен 6-7-де, ашық реңді, арық, ашық қоңыр күрте киген, қара шалбар және қара етік. Баланың көк түсті сөмкесі болған, сөмкеде "өрмекші адамның" суреті бар.

Баланы азиялық түр кескіндегі әйел адамның алып кеткені анықталды. "Оның жасы шамамен 50-55-те, бойы 160 сантиметр, ақшыл шашты, толықтау, қара қайыс күрте киген, тоқылған қоңыр бас киімі бар", - деп сипаттады басқармадағылар.  

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети