15 қыркүйек 2017 09:57

Полиция Ақтаудағы төтенше жағдайға қатысты мән-жайды айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Lada.kz © Lada.kz

Маңғыстау облыстық ІІД Ақтауда 15 қыркүйекке қараған түні болған төтенше жағдайдың мән-жайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, бұл оқиға Ақтау уақыты бойынша сағат 00.50-де болған.

Полицияның мәліметінше, жедел шараларды жүргізу барысында Ақтаудың 46 жастағы тұрғынынан граната табылған. Бірақ ол оқуға арналған граната болып шыққан.

"Оқу гранатасы тәркіленді. Жедел шаралар кезінде ешқандай қару қолданылған жоқ, атыс та болған жоқ. Қазіргі уақытта тергеу басталды. Жергілікті тұрғында оқу гранатасы қалайша пайда болғанын тергеу анықтайды", - деді Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Еске сала кетейік, осыған дейін түнде Ақтауда арнайы қызметтегілердің атысқандарды ұстағаны жайлы хабарланған болатын. Куәгерлер төрт адамның төбелесі жайлы, сондай-ақ атыс болғаны және бір адамның ұсталғаны жайлы айтып берген еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети