28 қараша 2016 15:59

Прокурор үш ағайындыны өлтірді деген күдіктіні өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Шоқан Алхабаев © Шоқан Алхабаев

Алматы облысында үш ағайындының өліміне қатысты сот отырысы өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан.


Алматы облысында үш ағайындының өліміне қатысты сот отырысы өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан.

Еске сала кетейік, Жарқынбек Долданұлы, Мұқият Зарлыханұлы және Әлімхан Қадылбек биыл Ұзынағаш маңында өлтірілген болатын. Қылмысқа қатысы бар осы ауылдың екі тұрғыны күдікті деп танылды. Олар - Талғат Сүлейманов пен Мұрат Оңалбаев. Сондай-ақ, сот отырысына ауылдың жергілікті қойшысы Бақыт Байқасымов та қатысып жатыр. Ол "қылмыс туралы хабарламағаны үшін" айыпталып отыр.


Мұрат Оңалбаев

Сот отырысы барысында мемлекеттік айыптаушы осы істегі басты күдікті Талғат Сүлеймановты өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады. Сондай-ақ, прокурор екінші айыпталушы Мұрат Оңалбаевты жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтей отырып, 24 жылға дейін бас бостандығынан айыруды сұрады. Ал осы қылмыс жайлы хабарламаған ауылдың жергілікті қойшысы Бақыт Байқасымовты прокурор жазасын жалпы тәртіптегі колонияда өтей отырып, 4 жылға дейін бас бостандығынан айыруды сұрады.

Осыған дейін прокурор осы іске қатысты жаңа деректерді айтқан болатын. 

Сондай-ақ, 25 қарашада өткен сот отырысында қаза болғандардың туыстарының моральдық және материалдық шығын ретінде 50 миллион теңге өндіріп алмақшы екені белгілі болды. Алайда басты күдікті Сүлейманов мұндай ақшаның жоқ екенін, өтемақыны төлей алмайтынын айтты.

Еске салайық, Талдықорған қаласына жақын маңдағы Көксу ауданының 3 тұрғыны Алматы жақтағы Ұзынағаш базарында мал сатамыз деп із-түссіз жоғалып кеткен болатын. Кейінірек олардың өлі табылғаны хабарланған еді. Ведомстводағылардың айтуынша, марқұмдардың денесінде зорлық белгілер бар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети