30 мамыр 2016 13:11

Прокурорлар Ермегияевті сот залында қамауға алуды сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сот залы. © Тұрар Қазанғапов Сот залы. © Тұрар Қазанғапов

Прокурорлар тараптарды қатар тыңдау барысында Ермегияевті сот залында қамауға алуды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Прокурорлар тараптарды қатар тыңдау барысында Ермегияевті сот залында қамауға алуды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Астана ЭКСПО - 2017" ісі бойынша тараптарды қатар тыңдау басталды. Прокурорлар сотталушылардың кінәсі толық дәлелденді деп мәлімдеп, іс фигуранттарына мына жазаларды тағайындауды ұсынды:

Аян Адамбаев - ҚР ҚК 28-бабының 5-бөлігі, 312-бабының 5-бөлігі - мүлкін тәркілей отырып, 10 жылға бас бостандығынан айыру. Жазаны қатаң режимдегі колонияда өтеу.

Суламбек Баркинхоев ("Астана ЭКСПО-2017" ҰК бұрынғы жетекші директоры) - ҚР ҚК 176-бабының 4-бөлігі "б" тармағы - мүлкін тәркілей отырып 8 жылға бас бостандығынан айыру. Белгілі бір қызметтерге тағайындалуға және белгілі бір қызметпен айналысуға 5 жылға құқығынан айыру.  Жазаны жалпы режимдегі колонияда өтеу.

Орал Ибаділдина - ҚР ҚК 312-бабының 5-бөлігі, 28-бабының 5-бөлігі, 176-бабының 4-бөлігінің "б" тармағы - мүлкін тәркілей отырып, белгілі бір қызметтерге тағайындалуға және белгілі бір қызметпен айналысуға 5 жылға құқығынан айыра отырып, 6 жылға бас бостандығынан айыру. Жазаны жалпы режимдегі колонияда өтеу.

Шоқан Матайбеков - ҚР ҚК 28-бабының 5-бөлігі, 312-бабының 5-бөлігі - белгілі бір қызметтерге тағайындалуға және белгілі бір қызметпен айналысуға 5 жылға құқығынан айыра отырып, 5 жылға бас бостандығынан айыру. Жазаны қатаң режимдегі колонияда өтеу.

Қуаныш Медеуов - ҚР ҚК 189-бабының 4-тармағы - белгілі бір қызметтерге тағайындалу және белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 9 жылға бас бостандығынан айыру. Жазаны жалпы режимдегі колонияда өтеу.

Мұрат Омаров - ҚР ҚК 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы, 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы - 9 жылға бас бостандығынан айыру. Белгілі бір қызметке тағайындалуға өмір бойына тыйым салу. Жазаны жалпы режимдегі колонияда өтеу.

Валерий Син - ҚР ҚК 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы - 9 жылға бас бостандығынан айыру. Белгілі бір қызметке тағайындалуға өмір бойына тыйым салу. Жазаны жалпы режимдегі колонияда өтеу.

Мадина Дәулетбаева - ҚР ҚК 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы - 8 жылға бас бостандығынан айыру. Белгілі бір қызметке тағайындалуға өмір бойына тыйым салу. Жазаны жалпы режимдегі колонияда өтеу.

Азамат Тұматаев - ҚР ҚК 28-бабының 5-бөлігі, 311-бабының 5-бөлігі, 176-бабының 4-бөлігінің "б" тармағы - 11 жылға бас бостандығынан айыру. Мүлкін тәркілеу. Белгілі бір қызметке тағайындалуға 5 жылға тыйым салу. Жазаны қатаң режимдегі колонияда өтеу.

Әлішер Пірметов - ҚР ҚК 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы - 8 жылға бас бостандығынан айыру. Белгілі бір қызметке тағайындалуға өмір бойына тыйым салу. Жазаны жалпы режимдегі колонияда өтеу.

"Сараптамалар мен қорытындыларды өткізуге сотталушылардан 1 миллион 266 мың 445 теңге сомасында соты шығынан өндіру. Жәбірленуші тарапқа Ермегияевтен, Ибаділдинадан, Пірметовтен, Дәулетбаевадан, Баркинхоевтен, Тұматаевтан және Омаровтан келтірген шығынды өндіру. (...) Сотталушыларды алған марапаттарынан айыру туралы ұсыныс енгізу. Ермегияевті, Матайбековты, Дәулетбаевты және Пірметовты сот залында қамауға алу. Мұндай жазаны тағайындау заңды әрі әділ болады", - прокурор Әлібек Айтжанов.

Айта кетейік, прокурорлар Талғат Ермегияевті 14 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған еді.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети