23 мамыр 2014 12:38

Рудныйда табылған қаза болған қыз Виктория Ганя болып шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Виктория Ганя. ©Қостанай облыстық ІІД БҚ Виктория Ганя. ©Қостанай облыстық ІІД БҚ

Полицейлер Рудныйда тапқан қаза болған қыз жеті жасар Виктория Ганя болып шықты. Мәйітті ата-анасы таныды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Полицейлер Рудныйда тапқан қаза болған қыз жеті жасар Виктория Ганя болып шықты. Мәйітті ата-анасы таныды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"22 мамыр күні Рудный - Тобыл тасжолына жуық маңда салынып жатқан ғимаратты тінту кезінде кішкентай қыздың мәйіті табылды. 24 сәуірде Рудный қаласында жоғалған Виктория Ганяның мүрдесін ата-анасы таныды", - деп хабарлады полиция. Қазіргі таңда мәйітке сараптама тағайындалған.

"Сараптама нәтижесінен кейін ол қалай қаза болды, зорлықпен өлтірілді ме, оның бәрі анықталатын болады. Ары қарай тергеу бұрын қозғалған "Адам өлімі" бабы бойынша жүргізіледі", - деді Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметі. 

Еске сала кететйік, бұдан бұрын полиция Рудный - Тобыл тас жолының маңынан табылған қаза болған қыз Виктория Ганя болуы мүмкін екендігін хабарлаған болатын. Өйткені мәйіттің киімі жоғалып кеткен қыздың киіміне ұқсас болған. Қылмысты жасаған күдіктіні анықтау бойынша жедел іздеу шаралары әлі де жалғасуда.

Еске сала кететейік, бірінші сынып оқушысы Виктория Ганя 24 сәуір күні күндіз құрбыларымен шіркеу маңына қарай ойнауға шығып кеткен. Құрбыларының айтуынша, оған бір ер адам жақындап келіп, ірі шаяндарды көрсететінін айтқан. Вика оның айтқанына келісіпті. Бейтаныс кісі оны белгісіз бағытқа қарай алып кетіп, содан бері қыз табылмаған.

Құрбыларының айтуымен қызды ұрлап кеткен адамның фотороботы жасалған. Ол 30-35 жастағы ер адам, шамамен еуропалық, қара күрте мен көк джинсы киген. Баланы ұрлаған адам туралы ақпарат үшін полиция 1 млн теңге сыйақы әзірлеп отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.4   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети