09 қазан 2014 14:39

Рысқалиевтің қылмыстық тобы бойынша сотталушыларға 18 жылға дейін жаза берілуі мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

© azh.kz © azh.kz

Прокурорлар Рысқалиевтің ұйымдасқан қылмыстық тобы ісі бойынша сотталушыларды 8 жылдан 18 жылға дейін бас бостандығынан айыруды сұрады, - деп хабарлайды "Ақ Жайық".


Прокурорлар Рысқалиевтің ұйымдасқан қылмыстық тобы ісі бойынша сотталушыларды 8 жылдан 18 жылға дейін бас бостандығынан айыруды сұрады, - деп хабарлайды "Ақ Жайық".

Прокурорлар Рысқалиевтің ұйымдасқан қылмыстық тобы ісіне қатысты Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Болат Дәукеновке ең үлкен жаза мерзімін сұрады. Өзге айыпталушыларды прокурорлар келесі жазаларға кесуді сұрады: облыс әкімінің бұрынғы орынбасары Асқар Әбдіровті - 15 жылға, Атыраудың бұрынғы әкімі Асқар Керімов пен құрылыс басқармасының басшысы Нұрлан Кенжебековті және энергетика басқарма басшысы Бауыржан Жайсановты - 14 жылға; Атырау облысы Құрылыс басқарма бастығының орынбасары Ибрагим Әміровты - 10 жылға. Қаржы басқарма басшысы Бауыржан Жантеміровты, айыптаушы тараптың пікірінше, 8 жылға бас бостандығынан айыру керек. Мемлекеттік айыптаушылар шамамен осындай жазаны мердігерлерге де белгілеуді сұрады. 

Еске сала кетейік, Рысқалиевтің ұйымдасқан қылмыстық тобы ісі бойынша 22 адам іске тартылды. Бұрынғы шенеуніктер мен бизнесмендер ҚР Қылмыстық кодексінің алты бабы бойынша айыпталып отыр: "Ұйымдасқан қылмыстық топты құрып, оған жетекшілік ету немесе оған қатысу", "Қызметтік жалғандық", "Лауазымдық өкілеттікті асыра пайдалану", "Өзгенің сеніп тапсырылған мүлкін иемдену мен талан-таражға салу", "Заңсыз жолмен табылған ақша мен өзге де мүлікті заңдастыру", "Жалған кәсіпкерлік". Атырау өңірінің бұрынғы басшысы Бергей Рысқалиев және оның інісі Аманжан іздеуде жүр.

Бұған дейін осы іс бойынша Рысқалиевтің күйеу баласы - "Kazcaspian industrial services" ЖШС директоры Рүстем Әлбақасовқа іздеу жарияланғаны хабарланған еді. 2012 жылдың 18 қазанында Әлбақасовқа қатысты мемлекет қажеттілігі үшін жер телімдерін сатып алуға бөлінген 343 млн теңгені жымқыру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бергей Рысқалиевтің өзі мен оның ағасы Аманжан да іздеуде. 2014 жылдың мамырында Әлбақасовтың Швейцарияда ұсталғаны туралы ақпарат пайда болған еді, бірақ кейін оның өзі бұл ақпаратты жоққа шығарды: "Мені ешкім тұтқындаған жоқ. Женевада емеспін, менің бұл қалаға қатысым жоқ. Құдайға шүкір, тірімін, денім сау", - деді ол. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети