10 қыркүйек 2014 14:00

Рысқалиевтің қылмыстық тобына қатысты іс бойынша жауап алу аяқталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©azh.kz ©azh.kz

Атырау облысы мамандандырылған ауданаралық сотында Бергей Рысқалиевтің ұйымдасқан қылмыстық тобы ісі бойынша куәгерлер мен айыпталушылардан жауап алу аяқталды, - деп хабарлайды "Ақ Жайық."


Атырау облысы мамандандырылған ауданаралық сотында Бергей Рысқалиевтің ұйымдасқан қылмыстық тобы ісі бойынша куәгерлер мен айыпталушылардан жауап алу аяқталды, - деп хабарлайды "Ақ Жайық."

9 қыркүйекте сотталушылардың соңғысынан жауап алынды. Бұрын түрлі себеппен куәлік ете алмағандардан жауап алу төрт апта бойы жүргізіліп, сараптама қорытындылары зерттелді. 11 қыркүйекте сот Рысқалиев ісі материалдарындағы құжаттар мен айғақ заттарды зерттеуге кіріседі. Содан кейін тараптарды қатар тыңдауға дайындық үшін үзіліс жарияланып, кейін тыңдау басталады.

Еске сала кетейік, Рысқалиевтің ұйымдасқан қылмыстық тобына қатысты іс бойынша 22 адам сотталып жатыр. Бұрынғы шенеуніктер мен бизнесмендер ҚР Қылмыстық кодексінің алты бабы бойынша айыпталып отыр: "Ұйымдасқан қылмыстық топты құрып, оған жетекшілік ету немесе оған қатысу", "Қызметтік жалғандық", "Лауазымдық өкілеттікті асыра пайдалану", "Өзгенің сеніп тапсырылған мүлкін иемдену мен талан-таражға салу", "Заңсыз жолмен табылған ақша мен өзге де мүлікті заңдастыру", "Жалған кәсіпкерлік".

Бұған дейін осы іс бойынша Рысқалиевтің күйеу баласы - "Kazcaspian industrial services" ЖШС директоры Рүстем Әлбақасовқа іздеу жарияланғаны хабарланған еді. 2012 жылдың 18 қазанында Әлбақасовқа қатысты мемлекет қажеттілігі үшін жер телімдерін сатып алуға бөлінген 343 млн теңгені жымқыру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бергей Рысқалиевтің өзі мен оның ағасы Аманжан да іздеуде. 2014 жылдың мамырында Әлбақасовтың Швейцарияда ұсталғаны туралы ақпарат пайда болған еді, бірақ кейін оның өзі бұл ақпаратты жоққа шығарды: "Мені ешкім тұтқындаған жоқ. Женевада емеспін, менің бұл қалаға қатысым жоқ. Құдайға шүкір, тірімін, денім сау", - деді ол.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети