22 қыркүйек 2014 15:11

Саида Ыбырайымованы өлтіргендердің үкімі өзгертілмеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сотталушылар. ©Владимир Прокопенко Сотталушылар. ©Владимир Прокопенко

Алматы қалалық соты Саида Ыбырайымованың өлімі туралы іс бойынша сотталғандардың үкімін өзгеріссіз қалдырды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне жәбірленуші тарап адвокаты Сұңқар Нұрмағамбетов хабарлады. Еске сала кетейік, Саида Ыбырайымова 4 наурыз күні айуандықпен өлтірілген болатын. Адвокаттың айтуынша, сот үкіміне шағым келтірген Жан Алагөзов пен Гавгаз Әлиевтердің өтінішін сот қанағаттандырмай тастады. Үшінші сотталушы Әлібек Ерғалиұлы сот үкіміне қарсылық білдірмеген. 

Нұрмағамбетовтің айтуынша, айыпталушылардың адвокаттары енді кассациялық сот алқасына шағымданғалы отыр. "Жәбірленуші тарап апелляциялық алқаның қаулысына риза болып отыр", - деді ол. Адвокаттың айтуынша, заң бойынша апелляциялық сот алқасының шешімі тараптарға бес күн ішінде беріледі. Егер шағым келтірілмесе, шешім 15 күн ішінде күшіне енеді. Кассациялық сот алқасының отырысы да Алматы қалалық сотында өтеді. 

Саида Ыбырайымованың өлімі үшін сотталған үшеудің бірі - Жан Алагөзов жуырда "Қарақшылық" бабы бойынша жазаға қарсы болып, шағым келтірген еді. "Менде қарақшылық шабуыл жасайын деген ой болған жоқ. Денсаулығымның нашарлағанына байланысты мен қысқаша апелляциялық шағым жазып отырмын. Маған қатысты қылмыстық іс бойынша үкімді өзгертуді, "Қарақшылық" бабы бойынша қылмыстық істі тоқтатуды және осы бапты ескермей, жаңа үкім шығаруды сұраймын", - деп жазды Алагөзов өз шағымында

Жан Алагөзовқа мүлкін тәркілеумен бірге қатаң режимдегі колонияда 17 жылға бас бостандығынан айыру жазасы берілді. Гавгаз Әлиев мүлкін тәркілеумен бірге қатаң режимдегі колонияда 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Істің үшінші фигуранты Әлібек Ерғалиұлы жалпы режимдегі колонияда төрт жыл отыратын болды. Ол сот залында қамауға алынды. Еске сала кетейік, Саида Ыбырайымованың мәйіті 2014 жылдың наурыз айында табылған еді. Қанішерлер оның бар ақшасын алып, мәйітті өртеп жіберген. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети