27 шілде 2017 12:16

Сәтбаев қаласында педофилді ұрып-соққан сержант кепілмен босатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Педофил делінген ер адамды ұрып-соққан сержант пәтерін кепілге қойып, бостандыққа шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сержантқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 362-бабы бойынша ("Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану") сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.


Педофил делінген ер адамды ұрып-соққан сержант пәтерін кепілге қойып, бостандыққа шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сержантқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 362-бабы бойынша ("Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану") сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

"Ер адамды кепілге босату туралы өтініш оның туыстарынан келіп түсті. 2017 жылдың 24 шілдесінде Сәтбаев қаласында полиция қызметкерінің қызметтік міндеттерін атқару барысында педофил делінген ер адамды ұрып-соғу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция қызметкері ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 128-бабы бойынша ұсталып, Жезқазған қалалық ІІБ уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметіндегілер.

Осыған дейін педофилді ұрып, видеоға түсірген полицейдің жұмыстан қуылғаны хабарланған болатын. Облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер видеоға қатысты пікір білдірді. Олардың мәліметіне қарағанда, жас сержант қарауыл болып қызмет еткен және ендігі жұмыстан шығарылған. 

Ал экс-полицейдің өзі осы жағдайға қатысты қандай да бір пікір білдіруден бас тартты.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, зардап шеккен қыздың жағдайы бұрынғыдай орта деңгейде деп бағаланып отыр. Оған ота жасалды.

Еске салайық, Қарағанды облысындағы Сәтбаев қаласының 5 жасар тұрғыны 23 шілдеде жоғалып кетіп, кейін 50 жастағы осы педофилдің пәтерінен табылған еді. Ер адам қызды зорлағанын мойындады. Айта кетейік, қыздың жоғалып кеткені туралы алғаш әлеуметтік желілер арқылы белгілі болған. Қызды алдымен әкесі және бей-жай отыра алмаған тұрғындар іздеген. Істен оң нәтиже шықпаған соң әкесі полицияға хабарласқан. 

Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі полицейлердің қызды 50 жастағы қала тұрғынының пәтерінен тапқанын хабарлады. "23 шілдеде Сәтбаев қаласының 40 жастағы тұрғыны қызының жоғалып кеткенін хабарлады. Ішкі құрам бірден іздеуге кірісті. Жедел-іздеу тобы әр пәтерді аралап, қызды тапты. Полицейлер 50 жастағы тұрғынды оқиға орнында ұстады, ол қызды алдап пәтеріне кіргізіп, сексуалды сипаттағы зорлық-зомбылық көрсеткенін мойындап отыр", - деп хабарлаған еді баспасөз қызметінің өкілдері. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети