10 сәуір 2014 15:37

Шекарашылар Каспийде Ресей браконьерлеріне оқ атуға мәжбүр болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оқиға орнынан түсірілген сурет. ©ҚР ҰҚК Шекара қызметі Оқиға орнынан түсірілген сурет. ©ҚР ҰҚК Шекара қызметі

"Жағалау күзеті" өңірлік басқармасының шекарашылары Каспийдің қазақстандық бөлігінде заңсыз балық аулаған 10 браконьерді ұстады деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


"Жағалау күзеті" өңірлік басқармасының шекарашылары Каспийдің қазақстандық бөлігінде заңсыз балық аулаған 10 браконьерді ұстады деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Атырау облысындағы "Забурын" техникалық бақылау бекетінен оңтүстікке қарай 6 миль қашықтықта жүрген байданы шекара қызметінің "Қалқан" атты катері анықтады. Олар шекарашылардың тоқтау туралы талабына құлақ аспай, қашып құтылуға тырысты. Амалсыздан қару қолдануға тура келді. Нәтижесінде Жамбай аралдарынан шығысқа қарай 10 мильдей қашықтықта жасанды жүзу құралы тоқтатылды, ондағы Ресей Федерациясының (Дағыстан Республикасы) бес азаматы ұсталды", - делінген хабарламада.

Бұдан соң шекарашылар көкжиектен тағы бір байданы байқаған, көліктерінің қозғалтқышы істен шыққаннан кейін ондағы бес адам еріксіз берілуге мәжбүр болды. Бұлар да - Ресейдің азаматтары. "Күндіз-түні күшейтілген теңіз күзетіндегі шекара сақшыларынан құтыла алмасын білген браконьерлер жол-жөнекей өздерінің олжаларын теңізге лақтырып отырған", - дейді Шекара қызметі мамандары. 

Қару қолданылған кезде ешкім зардап шеккен жоқ. Бұл деректер бойынша құқық қорғау органдарына хабар берілді. "Браконьерлікпен айналысқандар еліміздің заңнамаларына сәйкес жазаланатын болады", - делінген Шекара қызметінің хабарламасында. 

Еске сала кетейік, өткен жылдың қараша айында қазақстандық шекарашылар Каспийдің солтүстік бөлігінде ресейлік браконьерлерге оқ атуға мәжбүр болған еді. Екі байда мінген сегіз адам мемлекеттік шекараны бұзып, ерекше қорғауға алынған аумақтан заңсыз балық аулаған. Шекарашылардың ескертпесіне құлақ аспай, қашуға әрекеттенген соң оларға оқ атылған. Браконьерлердің біреуі қайтыс болып, екеуі жарақат алды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети