14 шілде 2015 21:32

ШҚО-да аудан әкімін оның жүргізушісі атып өлтірген болуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданының әкімі Алтайбек Сейітовті оның жүргізушісі атып өлтірген болуы мүмкін. Бұл туралы "КТК" телеарнасы хабарлап отыр. 


Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданының әкімі Алтайбек Сейітовті оның жүргізушісі атып өлтірген болуы мүмкін. Бұл туралы "КТК" телеарнасы хабарлап отыр. 

Телеарна тілшілерінің мәліметі бойынша, Сейітовті соңғы рет көрген сол жүргізушісі. Бұл оқиға жайлы әкім аппаратының қызметкерлері әзірге тіс жармады. Дегенмен әртүрлі болжамдар айтылып отыр. Солардың ішінде әкімнің қазасына ұлының ісіне байланысты болуы да мүмкін деген болжам бар. Айта кетейік, Алтайбек Сейітовтың баласы Бақытжан "Семей инжиниринг" компаниясын басқарған. Бірақ пара алғаны үшін былтыр 8 жылға сотталған болатын. Бұл болжамдардың барлығын қазір полиция тексеріп жатыр. 

Еске салайық, бүгін, 14 шілдеде өлі күйінде табылған әкімнің денесінде зорлық белгілерінің бар екендігі жайлы хабарланған болатын. Бұдан кейін Сейітовтің өлімі дерегі бойынша қылмыстық өндірістің қозғалғаны белгілі болды.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети