11 мамыр 2016 14:04

ШҚО-да соққы көрген ардагер жарты миллион теңгесін ескі киімінің қалтасына тығып үлгерген

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

9 мамырда соғыс ардагеріне шабуыл жасағаны үшін ұсталған ер адамға қатысты "Тонау" бабы бойынша қылмыстық өндіріс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Күдікті ардагердің үйінен 500 000 теңгесін таппай кеткен.


9 мамырда соғыс ардагеріне шабуыл жасағаны үшін ұсталған ер адамға қатысты "Тонау" бабы бойынша қылмыстық өндіріс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Күдікті ардагердің үйінен 500 000 теңгесін таппай кеткен.

Бұл туралы ШҚО ІІД баспасөз қызметіндегілер хабарлады. Сонымен қатар, олар 40 жастағы күдіктінің бұған дейін осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін сотты болғанын айтып берді. 

9 мамырда Ұлы Отан соғысының 91 жастағы ардагері Михаил Иванович Рогожкин тонаушының құрбаны болған. 

"Атам Қырымда, Севастопольде шайқасқанын, Украина мен Белоруссияны азат еткенін айтатын", - дейді оның немересі Владимир Лошкарев. - Оның мерейтойлық медальдары көп, бірақ ол ұрыс кезінде алған марапаттарын ерекше сақтады. Оларды Жеңіс күні қарсаңында кілемге ілетін". Күдікті сол медальдарды ұрлап кетіп, кейін заттай айғақтарды жасыру үшін әжетханаға ағызып жіберген. 


Ардагердің жеке марапаттары

"Ол майдангерлерге жарты миллион теңгеден берілгенін білмеген болуы мүмкін, - дейді Михаил Рогожкин. - Мен бұл қаражатты ескі пальтоның қалтасына тығып қойдым. Ол менің киімдерімді ақтарды, бірақ ол жақты қарамады".

Белгісіз ер адам оның пәтеріне баса-көктеп кіргеннен кейін оны ұрып-соға бастаған, ардагер есінен танып қалған. Қайта есін жиған соң "Шалды сорлатқаның не?" деп қана айта алыпты. Осыдан кейін ер адам көрші үйге қашып кетіпті. 

Қазір ардагер ауруханада жатыр, оның миы шайқалған, бірнеше тісі қағылған. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети